«Зерде» республикалық конкурсы мәреге жетті
26 ақпан, 2024
Елорда ақпарат
коллаж Elordainfro.kz
Конкурста математика, қолданбалы математика; физика, космос; туризм және спорт; химия, биология; информатика, робототехника, STEM инженерия секциялары бойынша зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар бағаланды, деп хабарлады Elorda.info.
Конкурстың қорытынды кезеңіне республиканың барлық өңірінен 275 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен 163 қатысушы жүлделі орындармен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі диплом – 41, ІІ дәрежелі диплом – 57, ІІІ дәрежелі диплом – 65, сондай-ақ ерекше жетістіктері үшін берілген грамота – 80.
Естеріңізге салсақ, «Зерде» конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты биыл 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында 369 оқушы арасында өтті. Онда 209 қатысушы жүлделі орындармен марапатталған.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:34
Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 58 мектепке айыппұл салынды
21 қараша, 2024
Оқу-ағарту министрі Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
21 қараша, 2024
Астаналық оқушы қиын есептерді шешудің түрлі жолдарын ойлап тапты
21 қараша, 2024
Биыл жеке мектептерге бюджеттен 161 млрд теңге қаражат бөлінді