Елімізде педагогтерді аттестаттау процесі автоматтандырылып жатыр

Фото: Pixabay
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасын кезең-кезеңімен енгізу басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл платформа аттестаттау процесін автоматтандыруға және оны ашық әрі әділ етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта платформада «педагог-модератор» және «педагог-эксперт» біліктілік санаттарын алу немесе растау үшін үміткер педагогтерді аттестаттаудың бірінші кезеңі өтуде.
2025 жылы платформа арқылы 150 мыңнан астам қазақстандық педагог аттестаттаудан өтеді деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар

16 тамыз, 2025
Тамыз айындағы ҰБТ-ға 25 мың талапкер қатысты

15 тамыз, 2025
ҰБТ өткізу барысында 103 адам ереже бұзған – министрлік

15 тамыз, 2025
Мектеп тек өз құзыретіне кіретін мәселелерге ғана жауап беруі керек – Асхат Аймағамбетов

15 тамыз, 2025
Мұғалім жаңа технологияларды қолдана білуі керек – Қасым-Жомарт Тоқаев