00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде 100-ге жуық жаңа мектеп ашылды

1 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 100-ге жуық жаңа мектеп ашылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Оқу-ағарту министрлігі үш ауысымды, апатты мектептердің мәселелерін жүйелі шешу үшін жаңа оқушы орындарын енгізу бойынша жұмыстарды жоспарлы түрде жүргізуде, деп хабарлады Elorda.info

Бүгінде өңірлерде 88 мың оқушыға арналған 96 жаңа мектеп ашылды.

Осы жылдың аяғына дейін түрлі қаржы көздері есебінен 132 мың оқушы орынға арналған 154 мектепті, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 76 738 орындық 62 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің мәселесін, 113 елді мекендегі оқушы орындарының тапшылығын шешеді, - делінген министрлік ақпаратында. 

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асуда. Биыл 217 мектептің құрылысы басталды, олар 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ұлттық жоба ең алдымен қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептерді салуға, оқушылар мен педагогтерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.

Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде 740 мың оқушыға арналған 369 жайлы мектеп салу жоспарлануда.