00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Былтыр 114 жекеменшік мектеп білім беру қызметіне бас лицензия алды

19 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Былтыр 114 жекеменшік мектеп білім беру қызметіне бас лицензия алды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Былтыр 114 жекеменшік мектеп білім беру қызметіне бас лицензия алды

Олар білім алушылар санының ең көп өсуі байқалатын өңірлер Астана, Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ Түркістан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында орналасқан.

Лицензиялау жекеменшік мектептердің ашылуына мүлде кедергі келтірмейді, керісінше, жоғары сапалы білім беруде жекеменшіктердің дербестігі мен қаржылық мүмкіндігі көбірек. Ең маңызды міндеттердің бірі – білім беру ұйымының орналасқан жеріне қарамастан барлық оқушыға тең мүмкіндіктер беру. Сондықтан лицензия алу кезінде сұралатын біліктілік талаптары да қиын емес. Ең бастысы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметтердің сапасы және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Мектептерде сапалы білім берудің кепілдігі аса қауіпсіз және қолайлы жағдайда тудыру, - дейді комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.

Айта кетейік, Қазақстанда барлығы 7 842 мектеп бар. Оның 735-і жекеменшік.