00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бос білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

29 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бос білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Фото: ашық дереккөз

4 мыңнан астам талапкер мемлекеттік білім грантының иегері атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

Республикалық конкурстық комиссияның шешімі негізінде жазғы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос гранттар тағайындалды.

Гранттардың басым көпшілігі педагогикалық және инженерлік ғылымдар, сонымен қатар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» салаларына бөлінді.