00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл елордада 10 жаңа мектеп салынады

20 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл елордада 10 жаңа мектеп салынады

Бұл туралы брифингте Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада қазіргі уақытта 164  мектеп бар, оның ішінде 100 мемлекеттік, 57 жекеменшік және 7 республикалық. Биыл бірінші сыныпқа 27 мыңнан астам бала қабылданады деп күтілуде. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 20 278 оқушыға артты. Бұл дегеніміз 10 мектеп және 1 200 педагог мамандарының қажеттілігін туындатады деген сөз.

Жаңа оқу жылында 15 700 орынға арналған 10 мектеп салынып, пайдалануға беріледі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 90 мыңдай оқушыға арналған (2 ауысымда) 24 ірі мектепті жобалау басталды. Алдағы екі жылда 100 мың оқушы орнына арналған мектептер салынады. Жалпы білім беретін мектептерде жыл сайын оқушылар саны орта есеппен 20 мыңға артып келеді. Болжам бойынша 2027 жылы оқушылар саны 330 мыңнан астам баланы құрайды, - деді Н.Еламанов. 

Былтыр Астана қаласының жергілікті атқарушы органының гранты бойынша білім алған 338 мұғалім алғаш мектепке қабылданып, жұмыс істей бастады. Ал қалған түлектер  магистратурада оқуын жалғастырып жатыр. 

Айта кетейік, биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орындарын бітірген түлектер 363 адамды құрады.