00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық оқушылар математикадан халықаралық олимпиадаға қатысып жатыр

11 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық оқушылар математикадан халықаралық олимпиадаға қатысып жатыр
Фото: дереккөз

Биыл математикадан халықаралық Балқан олимпиадасы Түркияның Анталия қаласында өтуде. 40-шы олимпиадаға Балқан түбегінің 22 елінен және қонақ мемлекеттерден 130-дан астам қатысушы қатысып жатыр. Олардың қатарында Қазақстан құрама командасы да бар, деп хабарлады Elorda.info.

Олимпиада – математика пәнінен дарынды оқушыларды ынталандыру және оларды шыңдауды көздейді. Сондай-ақ қатысушы елдердің өз арасында мектеп бағдарламалары мен тәжірибелері туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік жасалған. Қазақстан бұл олимпиадаға жыл сайын қонақ ретінде қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр, - дейді «Дарын» РҒПО директоры. 

Қазақстан атынан қатысқан құрама командада 6 оқушы бар. Олар оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған үздіктер.

Айта кетейік, 40-шы Балқан математикалық олимпиадасының қорытындысы 13 мамырда белгілі болады.