Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды
Қазақстандық оқушылар Эль-Айн қаласында (БАӘ) өткен биология бойынша 34-ші халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
IBO – 15 пен 21 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған ғылыми жарыс, 1990 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биылғы жарысқа әлемнің 79 елінен 316 оқушы жиналды.
Еліміздің атынан Астана және Алматы қалаларының 4 оқушысы қатысып, барлығы да олимпиаданың жүлделі орындарын иеленді.
Медальдар қоржынын екі күміс жүлдемен Омар Дінмұхаммед пен Бақдәулет Ерназаров толықтырды. Ал, қола медальді Ғалымжан Бақтыбай мен Ислам Амангелді алды, - дейді «Дарын» РҒПО зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің әдіскері Гүлсара Мұқаш.
Халықаралық комитеттің шешімімен биология бойынша 35-ші Халықаралық олимпиада келесі жылы (IBO-2024) Қазақстанда ұйымдастырылаын болды. Біздің еліміз бұл олимпиаданы алғаш рет өткізгелі.