Қазақстан мен Франция білім саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Фото: Оқу-ағарту министрлігінен
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.
Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, өндірістік кәсіпорындарда студенттер мен педагогтар үшін тағылымдамаларды ұйымдастыру, сондай-ақ француз тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұдан басқа, мектепке дейінгі, орта білім беру саласында одан әрі өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктері қаралды.
Ұқсас жаңалықтар

16 қазан, 2025
Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі: «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу»

14 қазан, 2025
550 мыңға жуық студент жасанды интеллект бойынша курстардан өтті

13 қазан, 2025
1-11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жөніндегі бірыңғай нұсқаулық әзірленіп жатыр

13 қазан, 2025
Қазақстанда инклюзивті білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конгресс өтеді