00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан Ұлттық банкі 50 білім грантын бөледі

6 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан Ұлттық банкі 50 білім грантын бөледі
коллаж Elorda.info

Ұлттық банк білім гранттары бойынша оқуға өтінім беруге болатынын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық банктің  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарламалардың мақсаты – Ұлттық Банк пен оның еншілес ұйымдары үшін, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі үшін білікті кадрлар даярлау. 

Білім беру бағдарламалары мынадай: «Назарбаев Университеті» ДББҰ Жоғары бизнес мектебінде «Қаржы бойынша ғылым магистрі» – 15 грант,  «Нархоз университеті» КЕАҚ «Қаржы талдаушысы», «Қаржылық тәуекел менеджмент», «Макроталдау және болжау» – 20 грант,   «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ «Қаржылық тәуекел[1]менеджмент және деректер туралы ғылым», «Макроқаржы және деректер туралы ғылым» және «Қаржылық технологиялар» – 15 грант.  

Бағдарламалар аясында қаржы, экономика, қаржылық технологиялар, бухгалтерлік есеп, тәуекел-менеджмент, статистика, эконометрика, математика, машиналық оқыту және бағдарламалау бойынша мамандар даярланады. 

Осы бағдарламалар бойынша оқу кезеңінің басталуы 2023 жылғы тамыз-қазанға жоспарланған. Оқуға түсу үшін кандидаттар Университеттердің талабы мен өлшемшартына сәйкес, конкурстық іріктеуден өтеді. «Назарбаев Университеті» ДББҰ бағдарламасы бойынша оқу кезеңінің ұзақтығы – 16 ай, «Нархоз университеті» КЕАҚ және «Қазақстан[1]Британ техникалық университеті» АҚ бағдарламалары бойынша – 2 академиялық жыл. Оқу аяқталғаннан кейін Ұлттық Банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасу көзделген.