00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

59 мың талапкер екі аптада наурыз ҰБТ-сын тапсырды

18 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
59 мың талапкер екі аптада наурыз ҰБТ-сын тапсырды
Фото: Оңалхан Өнерхан

ҰБТ басталғалы шекті балды 69,26%-ға жуық талапкер жинады, деп хабарлайды Elorda.info.

Орташа балға келетін болсақ, ол 65,08 балды құрады. Ең жоғары балл – 137.

Тестке қатысушылардың басым бөлігі «Математика-Физика» 17,38% және «Биология-Химия» комбинациясын 15,91%-дан тапсырды. Сондай-ақ, топ-3 қатарына талапкерлердің 11,75% таңдаған «Математика-Информатика» комбинациясы кірді.  Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 76 адам тапсырған.

Бүгінгі таңда 81 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 50 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 31 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ, - делінген хабарламада.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға екі аптада 148 талапкер қатысқан. 

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.