00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада қоғамдық кітапхана ашылды

Астанада қоғамдық кітапхана ашылды

Астанадағы Maqsut Narikbayev University-де «Public Library» атты қоғамдық кітапхана ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

Кітап оқудың насихатымен айналысуға бар күш жігерімізді салуымыз керек. Яғни, кітапхана мақсаты қоғамдағы кітап оқуға деген құштарлықты оятып, кітапқа деген құрметті арттыруға арналған зона болғаны дұрыс. Бұл аймақ инновациялық идеяларды талқылауға, білімге шабыттандыратын таптырмас мүмкіндік болады деген үміттеміз, - деді Maqsyt Narikbayev University Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Жалпы ЖОО-дағы қоғамдық кітапхана деген жаңа ұғым емес. Мысалы, New York University, Harvard, Stanford сияқты әлемнің жетекші университеттерінде қоғамның қолдануына ұсынылған кітапханалар бар.

Public Library қоры сыйымдылығы 13 000 кітапқа дейін жетеді. Мінбердегі бірінші залда қазақ тіліндегі әдебиеттер, қазақ авторлары, әлемдік бестселлерлердің қазақ тіліне аудармалары, сондай-ақ Қазақстан туралы шет тілдеріндегі әдебиеттер орналасқан. Кейінгі залдарда бизнес, көшбасшылық, стратегия, менеджмент, команда құрылымы, адам ресурстарын басқару, коучинг, қаржы, қаржылық сауаттылық және инвестиция туралы туындылар бар.

Сондай-ақ, бизнес-идеяларды қалай тексеру керек, стартаптарды қалай бастау керек деген сияқты, яғни барлығы болашақ және қазіргі кәсіпкерлер мен менеджерлерге арналған кітаптарды таба аласыз. Тарих, әлеуметтану, мәдениет, өнер бойынша да танымдық әдебиеттер бар.

Денсаулық, дұрыс тамақтану және дене туралы әдебиеттер, психология бойынша әдебиеттермен қатар, мұнда жастарға арналған өзін-өзі тану, психикалық денсаулық және рухани даму туралы көптеген танымал кітаптар бар.

Айта кетейік, Public Library кітапханасы Maqsyt Narikbayev University-дің негізгі кіреберісіндегі холлда орналасқан. Оған  Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары келе алады.