«Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына қатысуға өтініш қабылдау басталды
Елімізде осымен төртінші рет өткізілетін байқаудың жеңімпаздары Қазақстандағы үздік мамандандырылған оқу ордаларына тегін түсе алады, деп хабарлады Elorda.info.
Биыл бұл мүмкіндік 6-сынып оқушыларына беріліп отыр. Құжаттар наурыз айының 30-на дейін қабылданады. Олимпиада 2 кезеңнен тұрады. Басында үміткерлер онлайн форматтағы тестілеуден өтуі тиіс. Ол сәуірдің 3-і мен 7-сі аралығында ұйымдастырылады. Мұнда оқушылардың логикалық ойлау қабілеті тексеріледі. Сынақтан өткендер екінші кезеңге қатысады. Олар математика, орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын және жаратылыстану пәндері бойынша тапсырамалар орындайды. Жалпы 2020 жылдан бері бұл сайысқа 600 мыңға жуық жасөспірім қатысқан. Олардың 960-ы қазір дарынды балаларға арналған мектептерде білім алып жатыр.