00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада республикалық олимпиаданың III қалалық кезеңі басталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада республикалық олимпиаданың III қалалық кезеңі басталды

Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың III қалалық кезеңі басталды. Олимпиада 13-18 ақпан аралығында өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Олимпиада «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасымен прокторинг жүйесін қолдану арқылы республика бойынша бір мезетте басталды.

Олимпиаданың аудандық кезеңі 30 қаңтар – 3 ақпан аралығында өтті.

Астана қаласы бойынша 3 205 бала қатысты. Қалалық кезеңге ең көп ұпай жинап жүлделі орындарға ие болған 1 220 бала өтті. Оған дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептермен, республикалық және халықаралық олимпиадаларының жеңімпаздары қосылғанда барлығы 1 582 оқушы қалалық кезеңге қатысып жатыр.

Мектеп оқушыларының интеллектуалдық дамуына бағытталған көптеген жұмыс әдістерінің ішінде пәндік олимпиадалар ерекше орын алады.

Мұндай пәндік олимпиадаларды өткізудегі негізгі мақсатымыз жас зиялыларды анықтап, оларға қолдау көрсету. Сонымен қатар, түрлі деңгейдегі зияткерлік сайыстарда жоғары сапалы өнер көрсету үшін олимпиадалық резервті қалыптастыру.

Елордалық оқушыларға республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде сәттілік тілеймін! – деді Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.