Халықаралық сертификаты бар оқушылар ҰБТ-да шет тілінен емтихан тапсырудан босатылады
Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығында көрсетілген, деп хабарлады Elorda.info.
Шет тілін (ағылшын) меңгергенін растайтын Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm, Internet-based Test, TOEFL Paper-based test, TOEFL pbt, International English Language Tests System, IELTS халықаралық сертификаттары бар тұлғалар қалауы бойынша ҰБТ-да «Шет тілі» (ағылшын) бейіндік пәнін немесе арнайы пәнін балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес босатылады. Олар білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады және жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге қабылданады, - делінген құжатта.
Түлектердің аталған халықаралық сертификаттарында көрсетілген тіл меңгеру деңгейі балға ауыстырылады. Мәселен, IELTS дәрежесі 6.0 және одан жоғары болса, онда ҰБТ-дағы ағылшын бейіндік пәні бойынша балы 45-ке теңеседі. Егер оқушының TOEFL ibt сертификатынада көрсетілген балы 79 болса, бұл жағдайда ол ҰБТ-да 45 балға айналады.
Сертификаттағы тіл меңгеру деңгейінің көрсеткіші ҰБТ-да қандай балға тең келетінін мына сілтеме бойынша тынысуға болады.
Бұйрық 20 қаңтарға дейін ашық талқылауда болады.