00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Димаш Құдайберген «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Димаш Құдайберген «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсті

Әйгілі әнші Димаш Құдайберген «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізіміне енді, деп хабарлады Elorda.info.

Тізімге қарағанда, 178 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанған. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.

Оқуға түскендердің ішінде әнші Димаш Құдайберген де бар. 

«Болашақ» стипендиясының иегерлері әлемнің 20 мемлекетінде академиялық білім алады және тағылымадаман өтеді. 93 адам АҚШ-тың, 47 адам Ұлыбританияның және т.б. елдердің жоғары оқу орындарында білім алады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.