00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Келер жылы елімізде ауқымды көлемде мектептердің құрылысы басталады – министр

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Келер жылы елімізде ауқымды көлемде мектептердің құрылысы басталады – министр

Білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы дайындалды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info. 

Мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жөнінде тапсырма берді.  Ұлттық жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 800 мыңнан астам оқушы орны беріледі, бұл үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін толығымен шешеді. 

Жаңа мектептер үшін құрылыс пен жарақтандырудың ең жоғары, заманауи және  бірыңғай стандарттары қолданылады.  Келесі жылы бұрын-соңды болмаған көлемде мектептердің құрылысы басталады. 

Мысалы, ендігі жылы, Алматы қаласы бойынша әкімдікпен бірге жаңа 20 мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз, сәйкесінше 2024 жылы Алматыда 80 мың орын салынып проблема толығымен шешіледі. Астана қаласы бойынша да дәл осындай жоспарларымыз бар, – деді министр Асхат Аймағамбетов.