Президент сайлауына студенттерді мәжбүрлеп қатыстыруға тыйым салына ма
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттерді келе жатқан Президент сайлауына қатысуға мәжбүрлеу туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Біріншіден, біз жаңа әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Президент ондай әрекеттерді өте қатаң бақылап, тыйым салады. Біздің министрілк тарапынан ұйымдастырылған арнайы әрекеттер болмайды. Тағы да мынандай жүйелі шешімді таптық, енді министрдің жанында студенттердің құқықтарын қорғайтын арнайы омбудсмен болады. Ол көптеген студенттерге танымал, белсенді азаматымыз – Айсұлу Ерниязова. Ресми түрде министрлікте штаттық кесте бекітілмеді, келесі айдың басында бекітуді жоспарлап отырмыз, содан кейін ресми түрде хабарлаймыз. Енді кез келген ЖОО студенті министр жанындағы арнайы өкілетті уәкілге жүгіне алады, - деп жауап берді Саясат Нұрбек.