00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ағасы інісінің орнына ҰБТ тапсырмақ болған

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ағасы інісінің орнына ҰБТ тапсырмақ болған

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» мекемесінің директоры Руслан Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде осындай мәлімет айтты.

Оқуға түсушінің тест тапсыру орнында негізгі камерадан басқа, тестіленушінің дыбысын жазу және қозғалысын тіркеу үшін алдыңғы веб-камера орнатылады. Фронталды веб-камера талапкердің жеке басын сәйкестендіруге және ҰБТ кезінде бөгде адамдардың кіруін болдырмауға мүмкіндік береді. ҰБТ-ның үшінші аптасында қатысушы өзінің орнына басқа тұлғаны, яғни, ағасын жіберген. ҰБТ-ға кіргізу барысында Face-ID жеке басын сәйкестендіру жүйесі бөгде адамды анықтады. Тиісті іс-шаралар қабылданды. Естеріңізге сала кетсем, өткен жылы бұндай 18 жағдай анықталған еді, - деді орталық директоры.