00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл Қарағанды академиясын қанша курсант бітірді

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Биыл Қарағанды академиясын қанша курсант бітірді

Іс-шараға Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, облыстық сот пен прокуратура өкілдері, өңірдің күш құрылымдарының басшылары қатысты.

Биыл жоғары оқу орнын 250 курсант бітірді. Оның ішінде 203-і  «Сотқа дейінгі тергеу» мамандығы, 47-і «Жедел-криминалистикалық қызмет» мамандығы бойынша білім алды.

Ведомство басшысы жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге Отан игілігі үшін адал қызмет етуді, әрқашан антқа адал болуды тіледі.

Жоғары білімді тергеушілер, анықтаушылар және криминалистер алдағы уақытта өздерінің біліктілігін растай отырып, полиция бөлімшелерінде қызмет атқаратын болады.

Осындай айтулы күні түлектердің ата-аналары мен жақындары жас офицерлерді ересек өмірге қадам басуымен және кәсіби мансабының басталуымен құттықтауға келді. Олар Академияның қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамына алғыстарын білдірді.

2018 жылы осы Қарағанды академиясына менің ұлым оқуға түскен. Төрт жыл осы академияда оқып, қазір, міне, офицер атағын алып жатыр. Офицер шенін алу рәсімі біздің Қазақстан Республикасының полициясының 30 жылдық мерейтойына және академияның 50-ші түлектер шығарылымына сәйкес келіп жатқанына қуаныштымыз, – деді түлектің әкесі Райымбек Слямов.