00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Педагогтерге арналған ұлттық біліктілік тестілеуіне өтініш қабылдау басталды

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Педагогтерге арналған ұлттық біліктілік тестілеуіне өтініш қабылдау басталды

Тест тапсыру 11-29 шілде аралығында өтеді. 

Бұл тестілеуге қатыса алады:

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;

- Білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);

- Жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;

- Қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;

- Білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;

- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;

- Педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);

- Педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар.