00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еліміз Қырғызстандағы этникалық қазақтарға қанша грант бөледі

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Еліміз Қырғызстандағы этникалық қазақтарға қанша грант бөледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды. Оның барысында екі ел арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Құжат келесі жаңалықтарды көздейді: Қазақстан Қырғызстан азаматы болып саналатын этникалық қазақтарға 20 грант және Қырғызстанның басқа азаматтарына 30 грант бөледі; білім саласында ынтымақтастықты дамыту. Қазіргі уақытта біз бірқатар басқа елмен келісімдерге келу және білім беру саласында өзара іс-қимыл жасау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз, – деп жазды министр.