00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ережесі өзгерді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ережесі өзгерді

Біріншіден, «Алтын белгі» төсбелгісін алу талаптары айтарлықтай күшейтілді.

Естеріңізге сала кетейін, талаптарды күшейту туралы шешім мұғалімдердің 2021 жылғы тамыз кеңесінде қабылданған болатын. Осылайша, келесі жылдан бастап 9-сыныпты аяқтап, арнайы аттестат және 10-11 сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша "үздік" деген баға алған оқушылар "Алтын белгі" төсбелгісіне үміткер бола алады, - деп жазды Аймағамбетов.

Осы орайда министр былтыр мектеп бітірушілерінің рекордтық «Алтын белгі» алғанын еске салды. Ал кейбіреулері ҰБТ нәтижесі бойынша төмен балл алып қалды.

Осыған байланысты үміткерлерді үздік белгісіне объективті және ашық бағалау үшін емтихандардың бірі тәуелсіз білім беру ұйымында өтеді. Биыл мектеп бітірушілер емтиханды өз мектебінде тапсырады. Сондай-ақ, белгіден бас тарту туралы өтініштер жарамсыз болады. Талаптарға сай келетін үміткерлер белгіленген тәртіпте қорытынды аттестациядан өтеді, - дейді Аймағамбетов.

Бұдан бөлек, үміткерлер Назарбаев зияткерлік мектептер базасында математикадан емтихан тапсыруы керек. Тапсырмалар барлығына бірдей болады.

Айтпақшы, нормалар келесі жылдан бастап күшіне енгенімен, биыл ҰБТ қорытындысы бойынша үздік белгі берудің объективтілігі бағаланады. Осыған байланысты мектеп әкімшілігі, білім басқармалары мен бөлімдері қорытынды емтихандарының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір жағдай бойынша ҰБТ нәтижелерінің қорытындыларына талдау жүргізіледі, - деп атап көрсетті министр.