00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекеттік білім гранттары: Кімдер квотамен тегін оқи алады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекеттік білім гранттары: Кімдер квотамен тегін оқи алады

Көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға 5% квота, толық емес отбасыларға – 1%, бала кезінен мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар үшін 1% квота, қандастарға арналған 4%, жетім балаларға арналған 1%, Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін 0,5%, ауыл жастарына – 30%, «Серпін» бағдарламасы бойынша 10% квота және мүгедек балалар үшін 1% квота бар. Бұл квоталар бойынша өзгерістер жоқ. Әдеттегідей бұл топтардан шыққан балалар үшін гранттар беріледі. Мүгедек және жетім балаларға келсек, былтыр да, оның бұрнағы жылы да осы топтан шыққан балалар грантпен қамтылды. Биыл да осы бағыттағы жұмыс жалғасады, - деді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.