00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Колледжде кімдер тегін оқи алады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Колледжде кімдер тегін оқи алады

Тегін білім берумен көпбалалы, толық емес отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардан шыққан балалар қамтылады. "Білім туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, осы санаттар бойынша колледждерге қабылдау квоталары тізімі толықтырылды. Атап айтқанда, көпбалалы отбасы балаларына – 5%, толық емес отбасы балаларына – 1%, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасы балаларына – 1% грант бөлінеді, – деп түсіндірді Насымжан Оспанова.

Былтыр колледжге қабылдау 10 мың адамға өсіп, 166 мың адамды құрады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 93 мыңнан астам адам, оның ішінде квота санаттары бойынша қабылдау 61,9 мың адамды құрады. Бұл жалпы мемлекеттік тапсырыстың 67 пайызға жуығын құрайды.

Сондай-ақ, 2025 жылға қарай мемлекеттік тапсырыстың 70 пайызы техникалық мамандықтарға беріледі. Бұл негізінен металлургия, IT, құрылыс, машина жасау, қызмет көрсету салалары бойынша мамандықтар. Техникалық мамандықтардың үлесі 45 пайызды құрайды. Әкімдіктер жанындағы арнайы комиссиялар өңірлік еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың тізімін әзірлеп жатыр. 30 сәуірден бастап облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының сайтында мемлекеттік тапсырыс берілетін мамандықтар туралы ақпарат жарияланады", – деді Насымжан Оспанова. 

Колледжге құжат қабылдау 20 маусымда электронды үкімет порталы арқылы және тікелей колледжде басталады. Әр талапкер 4 мамандық пен 4 колледжді таңдай алады. Таңдауды 3 рет өзгертуге рұқсат етіледі.

Қабылдау емтихандары педагогикалық, медициналық мамандықтар және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша өткізіледі. Барлық қалған мамандық бойынша емтихандар болмайды.

Жұмысшы мамандықтарына түсушілер әңгімелесуден өтеді, орта буын және қолданбалы бакалавр мамандықтарына талапкерлер мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыту конкурсына қатысады. Іріктеу білім туралы аттестаттың орташа балы бойынша жүргізіледі.

Қабылдаудың жаңалығы –  педагогикалық мамандықтарға түсу үшін 4 балға дейінгі шекті бал енгізілген және үміткерлер эссе жазу қажет.