00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ҰБТ: бейіндік пәндер тізбесіне информатика енді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ҰБТ: бейіндік пәндер тізбесіне информатика енді

Енді ҰБТ-ға мына білім беру бағдарламаларының тобын таңдайтын талапкерлер информатика бейіндік пәнін тапсыратын болады:

  • В011 "Информатика мұғалімдерін даярлау";
  • В057 "Ақпараттық технологиялар";
  • В058 "Ақпараттық қауіпсіздік".

Информатика пәні бойынша талапкерлерге барлығы 35 тест тапсырмасы беріледі. Оның ішінде бір дұрыс жауапты таңдаумен 20 тест тапсырмасы, тәжірибелік тапсырма түрінде берілген контекст негізіндегі бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен 10 тест тапсырмасы болады.Информатика пәні бойынша барлық тапсырмаларға дұрыс жауап бергенде максималды 45 балл алады.

Жоғары оқу орнына түсушілер Информатика бойынша тест тапсырмалары жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытының үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленді.