00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

12 оқушы 57-ші халықаралық Менделеев олимпиадасының жеңімпазы атанды

12 оқушы 57-ші халықаралық Менделеев олимпиадасының жеңімпазы атанды
Фото: Олимпиада ұйымдастыру комитеті баспасөз қызметінен

Астанада халықаралық 57-ші Менделеев олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады Elorda.info.

07-8.JPG

Олимпиадаға 21 елден 113 оқушы қатысты. Олар 34 қола, 23 күміс және 11 алтын медаль алды.

Андрей Мельниченко қоры тағайындаған академик Валерий Лунин атындағы сыйлықтың абсолютті жеңімпазы Ресейден келген 11-сынып оқушысы Андрей Дубинский атанды. 

Өте қуаныштымын. Қазіргі көңіл-күйімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Менің ойымша, олимпиадаға дайындалған кез келген адам жеңімпаз бола алады. Бастысы мақсат және еңбекқор болу қажет. Жалпы өзім Астанаға бірінші рет келіп отырмын. Қала маған өте қатты ұнады, - деді Андрей Дубинский.

Олимпиаданың  абсолютті жеңімпазына 2 миллион рубль табыс етілді.

Ал 12 қазақстандық оқушы 57-ші халықаралық Менделеев олимпиадасының жеңімпазы атанды. Қазақстан құрама командасы екі күміс және 10 қола медаль жеңіп алды. 

07-10.JPG

Астанадағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Әлихан Смет  күміс медаль алды. Сонлай-ақ ол «Теориялық турдағы үздік шешім»номинациясы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрінің арнайы сыйлығымен марапатталды. 

Қазақстан осы халықаралық олимпиадаға 1997 жылдан бастап қатысып келеді. 26 жыл ішінде біз 182 медаль иелендік. Оның ішінде 7 алтын медаль бар. Бүгінгі олимпиадаға 15 қазақстандық бала қатысты. Олардың ішінде 12 бала жүлдегер атанды. 10 қола және 2 күміс медаль. Бұл – үлкен жетістік. Олимпиадаға балалар үлкен дайындықпен келгенін байқап отырмыз, - деді Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының басшысы Гаждембек Тұрсынов.

Олимпиада жеңімпаздарына еліміздің бес жетекші отандық жоғары оқу орындарынан 17 грант бөлінді. 

07-7.JPG

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар елорданың көрікті жерлерін аралап,  қазақ халқының әдет-ғұрыптарымен, салт-дәстүрлерімен және мәдениетімен танысты.