00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорданың 25 жылдығына орай Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

22 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорданың 25 жылдығына орай Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады
фото: qazaqadebieti.kz

Байқауға қатысуға барлық қазақстандық сазгерлер шақырылады. Байқауды Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Elorda Aqparat» медиасеріктестігі (Қазақстан композиторлар одағымен бірлесе) ұйымдастырады, деп хабарлады Elorda.info.

Конкурсқа Астана туралы мемлекеттік және орыс тілде жарыққа шыққан әндер қабылданады. 

Үздік әндерді белгілі сазгерлерден және елордадағы осы саланың құрметті өкілдерінен құралған конкурстық комиссия айқындайтын болады. 

Ең үздік жұмыстар Астананың 25 жылдығына арналған ән жинағына енетін болады. Сондай-ақ, байқау қорытындысымен елордада «Ел жүрегі – Астана» атты гала-концерт ұйымдастырылып, озық шыққан үздік әндер сахна төрінде  шырқалады.

Өтінімдер 2023 жылдың 10 маусымына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады: elordainfo23@gmail.com.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: 8 (778) 143 06 11, 

8 778 155 61 11 (whatsapp)

Байқаудың ережесін сілтеме бойынша көруге болады.