12.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Жылы мұң»: театрда алғаш рет қойылым ЖИ технологиясымен сахналанады

|
Photo: Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Жылы мұң»: театрда алғаш рет қойылым ЖИ технологиясымен сахналанады

|
Photo: Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры

Астана қаласы әкімдігінің «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» жаңа форматтағы «Жылы мұң» қойылымының премьерасын ұсынады. Қойылымның сценографиясы, костюмдік шешімі және көркемдік элементтері жасанды интеллект көмегімен әзірленді, деп хабарлады Elordainfo.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің цифрлық даму бағытына сәйкес, жасанды интеллект технологияларын барлық салаға енгізудің маңыздылығын атап өткен болатын. Осы стратегиялық бағытты қолдау мақсатында театр шығармашылық процеске жасанды интеллектті енгізе отырып, алғаш рет кезекті премьераны ЖИ арқылы жүзеге асырмақ.

«Жылы мұң» драмасы – 2000 жылдар дәуірінің атмосферасында өрбитін, нашақорлықтың адам тағдырына және отбасы өміріне тигізетін қасіреті мен психологиялық әсерін ашып көрсететін әлеуметтік драма. Қойылымның басты желісінде ана мен баланың тағдыр түйіні, өмірдің жарқын сәттері мен ауыр сынақтарының арасындағы қайшылықтар суреттеледі. Шығарма отбасы құндылығы мен адам өмірінің мәніне терең ой салады. Бұл тек жеке адамның емес, тұтас отбасының психологиялық дағдарысына айналған нашақорлықтың адам өміріне келтіретін залалы мен қасіретін көрсететін терең ойлы қойылым.

Қойылымның сценографиясы, костюмдік шешімі, музыкалық және көркемдік элементтері жасанды интеллект көмегімен әзірленген.

Қойылымның режиссері және авторы – Нұржігіт Муслимов.

Астана қаласы Мәдениет басқармасы 2024-2025 жылдарға арналған «Астана – есірткісіз қала» нашақорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту аясында, аталған премьера жас ұрпақ арасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗