Жобада еліміздің құқықтық дамуын одан әрі жетілдіретін нормалар ұсынылған - Жамаладен Ибрагимов

Бүгін, 16:42
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Жобада еліміздің құқықтық дамуын одан әрі жетілдіретін нормалар ұсынылған - Жамаладен Ибрагимов
Коллаж: Elordainfo.kz

Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Жамаладен Ибрагимов Конституция жобасына байланысты пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Еліміздегі құқықтық жаңғыртулардың көрінісін беретін Ата заңның жаңа жобасында еліміздің құқықтық дамуын одан әрі жетілдіретін нормалар ұсынылған. Вице-президент лауазымы мемлекеттік биліктің тұрақтылығын, саяси биліктің ауысу кезеңдеріндегі үйлесімділікті сақтауға бағытталған.

Құрылтай депутаттарының пропорционалды жүйеге сәйкес сайлануы партия құрамдарының сапасын, бағдарламаларының тиімділігі және партиялардың институционалды жауапкершілігін күшейтеді. Халық Кеңесі өңірлердегі тұрғындардың мемлекеттік басқаруға араласуын, елдің бірлігін және тұтастығын сақтауға бағытталады. Халық Кеңесі заң жобаларын ұсыну құқығына ие болады, бірақ ол дегеніміз Құрылтайдың заң шығарушылық қызметіне араласпайды. Өйткені заң шығару - процесі аса кәсібилікті, тиісінше құқықтық білімді қажет ететін мемлекеттік құзірет. Адам және азаматтардың табиғи құқыққа сәйкес болуы, адвокат қызметінің конституциялық деңгейге көтерілуін  реформадағы түбегейлі жетістік деп айтуымызға болады.

«Миранда» принципінің Ата заң баптарында орын табуы әлемдік құқықтық даму үрдісіндегі ең биік сатыларды пайдалануымызға жол ашады.Конституциялық жобаға енгізілген нормалар халықтық референдумда қолдау табатын болса, болашақ Құрылтайдың ықпалын күшейтіп, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік беріп қана қоймай, мемлекет пен жеке тұлғаның арасындағы жауапкершілік міндетін бекітеді деп ойлаймыз», - деді ғалым.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланғаны туралы жаздық.