08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жедел жәрдем бригадалары өткен жылдан бері 7 млн-нан астам шақыртуға барды

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жедел жәрдем бригадалары өткен жылдан бері 7 млн-нан астам шақыртуға барды

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Биылғы қаңтар-қазан айлары аралығында еліміздегі жедел медициналық жәрдем бригадалары 7 млн-нан астам шақыртуға барып, қызмет көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

 «103»- ке шақырту түскен сәттен бастап жедел жәрдем бригадаларының пациентке жеткенге дейінгі уақыт жеделдігі 1-ші санат бойынша бойынша 9 минутты, 2-ші санат бойынша 12,3 минутты, 3-санат бойынша 17,9 минутты, ал 4-ші санат бойынша 24,3 минутты құрады», - делінген хабарламада.

Жедел медициналық жәрдем қызметі ел бойынша 20 дербес, 98 қалалық кіші станциядан және 232 аудандық бөлімшеден тұрады.

Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада жұмыс істейді, республика бойынша шұғылдықтың 4 санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының жанындағы бөлімшелерде 446 бригада жұмыс істейді.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және 17 облыста шақыртуларды автоматтандырылған басқару жүйесімен жарақтандыру деңгейі 100%-ды құрап отыр.

Бүгінгі таңда жедел жәрдем қызметінің теңгерімінде 2 355 санитариялық автокөлік бар.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗