Жапонияда V Азия Пара ойындарына қатысушы елдердің тулары көтерілді

Жапонияда V Азия Пара ойындарына қатысушы елдердің тулары көтерілді
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Нагояда V Азия Пара ойындары қарсаңында ұлттық делегацияларды қарсы алу рәсімі өтті. Шара барысында қатысушы елдердің мемлекеттік тулары көтеріліп, әнұрандары орындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Салтанатты рәсімде Жапонияның мәдени бағдарламасы ұсынылып, ойындардың бойтұмары Узумин таныстырылды.
Қазақстан атынан 12 спорт түрінен 150 спортшы қатысады. Ойындардың ашылу салтанаты 18 қазанда өтеді.