Жер сағаты: Астанада қай нысандар акцияға атсалысады

Жер сағаты: Астанада қай нысандар акцияға атсалысады

Дәстүрлі халықаралық экологиялық «Жер сағаты» акциясы биыл 28 наурыз күні өтеді. Осы күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл әлем бойынша ғимараттар мен ескерткіштердің жарығы өшіріліп, электр құрылғылары бір сағатқа сөндіріледі. Астана бұл акцияға бірнеше жылдан бері қатысып келеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Жер сағаты» – Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) бастамасымен өтетін жыл сайынғы халықаралық шара. Бұл уақытта әлемнің жүздеген миллион тұрғыны жарық сөндіреді, сол сияқты мыңдаған сәулет нысаны сыртқы жарығын өшіреді. 

Акцияның мақсаты – табиғат пен ғаламшар ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.

Биыл Астанадағы «Жер сағаты» «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бастамасы аясында өтеді.  Акцияны қолдау мақсатында 28 наурыз күні «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы аумағында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
 

Астана қаласының әкімдігі акцияға қатысатын нысандардың толық тізімін жариялады:
1. Астана қаласының әкімдігі (Бейбітшілік көшесі, 11);
2. Әкімшілік ғимарат (Бейбітшілік көшесі, 9);
3. Мемлекеттік басқару академиясы (Абай көшесі, 33а);
4. Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония (Кенесары көшесі, 32);
5. Сарыарқа ауданының әкімдігі;
6. «Арман» тұрғын үй кешені (Жеңіс даңғылы, 1);
7. «Radisson Hotel Astana» (Сарыарқа даңғылы, 4);
8. «Riverside Apartments» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 8);
9. «Park Inn by Radisson» қонақ үйі (Сарыарқа даңғылы, 8а);
10. «Симфония» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 1);
11. «Сана» тұрғын үй кешені (Шевченко көшесі, 8/1);
12. «Болашақ» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 3);
13. «Эдель» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 5);
14. «Эдель-1» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 5/1);
15. «Кенесары» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 11);
16. «Capital» бизнес орталығы (Сарыарқа даңғылы, 12);
17. Тұрғын үй (Сарыарқа даңғылы, 14);
18. №15 мектеп-лицей (Сарыарқа даңғылы, 20);
19. «Асату» мейрамханасы (Сарыарқа даңғылы, 22);
20. «Іскер» бизнес орталығы (Абай көшесі, 13);
21. «Бурлин» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 15);
22. Тұрғын үй (Сарыарқа даңғылы, 17);
23. Тұрғын үй (Сарыарқа даңғылы, 19);
24. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Сарыарқа даңғылы, 38);
25. Жатақхана (Сарыарқа даңғылы, 42);
26. «Свечки» тұрғын үй кешені (Бөгенбай батыр көшесі, 30, 32);
27. Сейфуллин көшесіндегі 10 нысан;
28. Қосшығұлұлы көшесіндегі 10 нысан;
29. Есіл өзенінің жағалауындағы 27 нысан;
30. Мәңгілік ел даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің сәндік жарығын өшіру;
31. «Бәйтерек» монументі;
32. «Астана Арена» стадионы (Тұран даңғылы, 48);
33. «Алау» мұз сарайы (Қабанбай батыр даңғылы, 48);
34. «Барыс Арена» көпфункционалды мұз сарайы (Тұран даңғылы, 57);
35. «ҚазМұнайГаз» АҚ (Қабанбай батыр даңғылы, 36);
36. Тәуелсіздік даңғылы, 48;
37. Тәуелсіздік даңғылы, 50;
38. Тәуелсіздік даңғылы, 52;
39. Тәуелсіздік даңғылы, 54;
40. «Қазақ елі» алаңы;
41. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі;
42. «Әзірет Сұлтан» мешіті;
43. Тәуелсіздік сарайы;
44. Бейбітшілік және келісім сарайы;
45. Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті;
46. Достық үйі;
47. Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы;
48. «Толқын» спорт кешені;
49. Теміржолшылар тұрғын алабындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
50. Кенесары көшесіндегі үйлер (42, 44, 46, 51, 52, 65, 69).

Айта кетейік, бұл акция тек жарықты өшірумен шектелмейді – ол экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және әр адамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.