Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылардың жазасын жеңілдету желеуімен қомақты қаражат алған алаяқтар сотталды
ҚМА ШҚО бойынша департаменті жер қойнауын пайдаланушылардан ақша алу схемасын ұйымдастырған екі азаматқа қатысты алаяқтық дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Еске салсақ, 2025 жылғы қыркүйек айында Самар ауданының «Кенкарын» учаскесінде «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше өзгерту арқылы бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобының әрекеті тоқтатылған болатын.
Олардың әрекеттері салдарынан экологиялық залал 54 млн теңгеден асты.
Осы жағдайды пайдалана отырып, қылмыскерлер күдіктілердің бірін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын неғұрлым жеңіл түріне өзгертуге жәрдем көрсетеміз деген сылтаумен 10 000 АҚШ долларын беруге көндірген.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған тұлғалар ақша алу кезінде ұсталған.
Сот үкімімен оларға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұдан бұрын ШҚО-да арнайы ХҚКО-ның бұрынғы басшысы сотталғаны туралы хабарлаған едік.