Жапония Премьер-министрінің офисінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Құрмет қарауылы сап түзеп, қос елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Санаэ Такаичи бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Бұған дейін Токио мэриясы Қазақстан туының түсіне боялғанын жазған болатынбыз.