Qazaqstan және Qazsport телеарналары боксшы Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
7 желтоқсанда WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Ларамен үш белбеуді сарапқа салады.
Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінен 7 желтоқсан күні таңғы 06:00-де тамашалай алады.
Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық боксшының жекпе-жегі Техас штатының Сан-Антонио қаласындағы (АҚШ) Frost Bank Center аренасында өтеді.
Отандасымыз Астанада өткен соңғы жекпе-жегінде Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа жіберіп, өз атақтарын қорғап қалған болатын.
Сонымен қатар жаһан жұрты асыға күткен бокс кешінде кіші Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус арасындағы жекпе-жек өтеді.