Жаңа Конституция Қазақстан жастары үшін ерекше маңызды – Тимур Жұмырбаев
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев Астанада өткен «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында жаңа Конституцияның Қазақстан жастары үшін ерекше маңызын атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазақстан жастары үшін жаңа Конституцияны қабылдау — аса маңызды қадам Қазақстан жастары үшін жаңа Конституцияны қабылдау — аса маңызды қадам. Өйткені оның маңызы бүгінгі және болашақ ұрпаққа тікелей бағытталған. Адамға бағдарлану — жастардың әділ әрі қолжетімді өсу және даму мүмкіндіктерін ашатын жаңа Негізгі заңның басты логикасы», — деді Тимур Жұмырбаев.
Ол сондай-ақ сындарлы патриотизм, адами капиталды дамыту, білім мен инновация қағидаттарын бекіту жастардың өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, ел дамуындағы рөлін күшейтетінін атап өтті.