«Заң мен тәртіп»: Елордада Esil RUN жазғы жүгіру маусымының ашылуы өтеді

Бүгін, 12:18
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Заң мен тәртіп»: Елордада Esil RUN жазғы жүгіру маусымының ашылуы өтеді
Фото: Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы

Астана тұрғындары мен қонақтары «Заң мен тәртіп» акциясы аясында ұйымдастырылатын Esil RUN жазғы жүгіру маусымының ашылуына шақырылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясына сілтеме жасап.

Іс-шара 11 сәуірде Ботаникалық саябақта (Орынбор көшесі жағынан) өтеді. Жарыстың жалпы қашықтығы – 4 шақырым.

Қатысушыларды тіркеу жарыс күні, яғни 11 сәуірде таңғы сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін жүргізіледі. Жүгіру жарысының басталуы – сағат 09:00.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – биылғы жүгіру маусымының алғашқы жарысы.

«Қатысу тегін. Қатысушылар саны 1 500 адаммен шектеледі. Белгіленген лимитке жеткен жағдайда тіркеу алдын ала жабылады», – дейді Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға естелік медальдар табысталып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Айта кетейік, Esil RUN жүгіруі Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Есіл» ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді.