Жамбыл облысында мал ұрлығымен айналысқан екі топ ұсталды

Жамбыл облысында мал ұрлығымен айналысқан екі топ ұсталды
Фото: ІІМ

Сәуір айының екінші онкүндігінде Жамбыл облысы Сарысу ауданында жылқыларды ұрлаумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында қаскөйлердің далада қараусыз жайылып жүрген малды алдын ала бақылап, түнгі уақытта Газель көлігімен барып, малды тиеп алып, көршілес аудандарға апарып, жергілікті тұрғындарға сатқандығы анықталды.

«Қазіргі таңда полиция аталған топ мүшелерінің жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 39 жылқыны ұрлағанын дәлелдеді. Барлық күдікті қамауға алынды.

Еске саламыз, мал ұрлығын жасағаны үшін заңнамада мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мал иелеріне өз малдарын міндетті түрде сәйкестендіріп, қараусыз қалдырмау ұсынылады», – деді Ішкі істер министрлігінен.

Бұған дейін 230 мың доллар жымқырды деген күдіктінің елге қайтарылғанын жазған едік.