Жуалы ауданының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Мемлекеттік қолдау шараларына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін электр энергиясының құны жеңілдетілген бағамен төленуі тиіс.
«Жобалық құны 2 млрд теңге болатын және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілер тізіміне енгізілген ауданның екі кәсіпкері ағымдағы жылдың басынан бастап 1 кВт электр энергиясы үшін 35,12 теңге орнына 38,44 теңге төлегені анықталды», - делінген хабарламада.
Осылайша, кәсіпкерлер мемлекетпен көзделген жеңілдіктерді алмаған.
Прокурорлық қадағалау нәтижесінде бұзушылықтар жойылып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.