Референдум-2026

«Жағалау» саябағында қала күніне орай думанды концерт өтті

Бүгін, 17:03
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Жағалау» саябағында қала күніне орай думанды концерт өтті
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана күні бас қаламыз ән мен жырға, күмбірлеген күйге бөленді. Мерекеге орай елорданың барлық ауданында думанды концерттер ұйымдастырылды. Солардың бірі Нұра ауданындағы «Жағалау» саябағында өтіп, тұрғындар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Демалыс күнін отбасымен бірге саябақта өткізген тұрғындар мерекелік кештің ерекше атмосферасын сезініп, ұйымдастырушылар мен өнерпаздарға ризашылықтарын білдірді.

Концерт барысында көрермендер әнге қосылып, би билеп, Астана күніне арналған думанды кештің сәнін келтірді.


«Осындай мерекелік концерттер тұрғындарға ерекше әсер сыйлайды. Демалыс күні отбасымызбен бірге келіп, өнерпаздардың өнерін тамашаладық. Ән мен күйден үлкен рухани ләззат алдық. Астана – еліміздің жүрегі, Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы. Бас қаламыздың жыл өткен сайын көркейіп, дамып келе жатқанын көріп қуанамыз. Елордамыз әрдайым өсіп-өркендей берсін», – деді Нұра ауданының тұрғыны Айсұлу.