World Boxing: қазақстандық екі боксшы «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткер атанды

Бүгін, 17:13
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
World Boxing: қазақстандық екі боксшы «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткер атанды
Фото: olympic.kz

World Boxing халықаралық федерациясы «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткерлерді жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Үміткерлер тізіміне Қазақстан ұлттық құрамасының екі боксшысы енді.

Ерлер арасында биыл әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Астанада өткен әлем кубогының кезеңінде топ жарған Махмұд Сабырхан номинацияға ұсынылды.

Ал әйелдер арасында Наталья Богданова үміткер атанып отыр. 2025 жылы ол әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, әр номинация бойынша бес боксшыдан ұсынылған. Дауыс беру 26 желтоқсанға дейін жалғасады және Instagram желісінде жанкүйерлер арасында «1 лүпіл = 1 дауыс» ережесімен өткізіледі.

Айта кетейік, мына сілтеме арқылы дауыс беруге болады.