«Ұмытылмас әуендер»: елордада Қала күніне орай концерт өтті
Астана филармониясының концерт залында Қала күніне орай «Ұмытылмас әуендер» атты концерт өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Кеш барысында қазақ музыка өнерінің алтын қорына енген халық әндері мен көрнекті композиторлардың туындылары жанды дауыста орындалып, тыңдарманның құлақ құрышын жандандырды.

Концертке Бағдат Самидинова, Еділ Құсайынов, Анар Мұздаханова, Елмұра Жаңаберген, Естай Мұқашев, Ақбота Керімбекова, Арайлым Рахымқызы, Медет пен Клара, Алтынай Жорабаева, «Ағайындылар» тобы және басқа да өнер майталмандары қатысты.

Уақыт сүзгісінен өткен, халық жадында сақталған әндер мен ұлт рухын асқақтататын сырлы саздар тыңдарман жүрегіне жол тапты.

Аталған мәдени шара ұлттық музыканың мәңгілік құндылығын айқындап, өнерсүйер қауым үшін мағыналы рухани кеш болды.
Айта кетейік, жоба авторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахымқызы ұйымдастырған концерт өз үдесінен шығып, көптің қошеметіне бөленді.