ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады

Бүгін, 17:12
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады
Фото: Орталық Коммуникациялар Қызметінен

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады, деп хабарлады Elordainfo.kz Орталық Коммуникациялар Қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Асқар Төлешовтің айтуынша, жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар оң нәтиже беруде. Өрттердің, сондай-ақ, өрт кезінде қаза тапқан және жарақат алған адамдардың саны азайды.

«Қазіргі жылу беру маусымында 2195 өрт тіркелді, бұл өткен маусыммен салыстырғанда 8%-ға аз. Қаза тапқандар саны 9%-ға төмендеді, ал жарақат алғандар саны 7%-ға азайып отыр. Жылыту маусымы жалғасуда. Профилактикалық шаралар маусым бойы жүргізіледі. Барша азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, өз өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бұған дейін Астанада қонақ үйге жапсарлас салынған моншада өрт шыққанын жаздық.