Түркістанда әйел адам пышақ жарақатынан көз жұмды

Түркістанда әйел адам пышақ жарақатынан көз жұмды
Фото: видеодан скрин

Түркістан қаласында әйел адам пышақпен іш тұсынан жараланып, көз жұмды. Оқиғаға қатысты күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, марқұм әйел отбасылы болған. Оған пышақ жарақатын салған ер адам оның жұбайы екені анықталды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар атқарылып жатыр.

– Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданады.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді, – деді Түркістан облысы Полиция департаментінен.

Естеріңізге салсақ, анасын пышақтады деп күдіктелген қазақстандық жақында Вьетнамнан экстрадицияланған болатын.