Тревел-блогер Дастан Мұхамедрахим әлемдік WIBA Awards сыйлығын жеңіп алды

Тревел-блогер Дастан Мұхамедрахим әлемдік WIBA Awards сыйлығын жеңіп алды
instagram/bydastann видеосының скрині

Марапаттау рәсімі Францияда Канн кинофестивалі аясында өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Instagram-нан басталған жол әлемдік марапатқа ұласты. Қазақстандық видеограф әрі тревел-блогер Дастан Мұхамедрахим WIBA Awards 2026 халықаралық сыйлығының «Әлемнің үздік тревел-блогері» аталымы бойынша жеңімпазы атанды.

Марапаттау рәсімі Францияда, Канн кинофестивалі аясында ұйымдастырылған шараның бірінде өтті. Дастан қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, салтанатты кештен видеолар жариялады. Осылайша блогердің есімі әлемге танымал инфлюенсерлермен қатар аталды.

Айта кетерлігі, WIBA Awards – халықаралық деңгейде танылған контент авторларын марапаттайтын беделді сыйлықтардың бірі. Бұл марапат digital-индустрияға ықпал етіп, аудитория назарын аудара алған авторларға табысталады.

Дастан Мұхамедрахимнің видеолары табиғаттың көркін, түрлі қаланың атмосферасын және елдердің мәдениетін ерекше кино стилінде көрсетуімен ерекшеленеді. Соңғы бір жыл ішінде оның көптеген ролигі миллиондаған қаралым жинап, кейбірі Instagram желісінің ресми парақшалары мен ұсынымдарына шыққан.

Желі қолданушылары мен әріптестері блогерді жеңісімен құттықтап, бұл жетістікті қазақстандық блогинг үшін маңызды оқиға деп бағалап жатыр.