Тоқаев Иран аумағынан БАӘ-ні зымырандармен шабуылдау әрекеттерін айыптады

Бүгін, 20:58
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Тоқаев Иран аумағынан БАӘ-ні зымырандармен шабуылдау әрекеттерін айыптады
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктерін зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуылдау әрекеттерін айыптады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Соның салдарынан көптеген тұрғын қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға нұқсан келді.

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысты одан әрі ушықтыратын мұндай әрекеттерді еш ақтауға болмайды деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең дұрыс жолы дипломатиялық тәсілдерге жүгіну екенін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады.