Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады
7 қазан, 2025
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті, тату көршілік және одақтастық қатынастарды нығайтуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екі елдің сан қырлы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.
Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асырудың нақты аспектілеріне баса мән берді.
Ұқсас жаңалықтар
9 мамыр, 2026
Президент Румен Радевті Болгария Премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады
9 мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен әскери шеруге қатысты
9 мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді
8 мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Католик шіркеуінің басшысын Астанаға шақырды