Референдум-2026

Теміржолшы Эльбрус шыңында Қазақстан туын желбіретті

Бүгін, 19:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Теміржолшы Эльбрус шыңында Қазақстан туын желбіретті
Фото: ҚТЖ

Теміржол көлігі қызметкерлері күні қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Алматы белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі Досымжан Ерланов Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрусқа көтеріліп, Қазақстан Республикасы мен ҚТЖ туларын желбіретті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ол өзінің шыңды бағындыруын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және теміржолға арнады.

Досымжан Ерланов ҚТЖ-да 2022 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол өзін жауапты маман және компанияның қоғамдық өміріне белсенді қатысушы ретінде көрсетті.

«Мен үшін теміржол – бұл жай ғана мамандық емес, үнемі дамып, жаңа мақсаттарға жету мүмкіндігі. Өндірістегі жұмыс пен қоғамдық қызмет маған жақсырақ болуға және адамдарға пайда әкелуге көмектеседі»,– дейді Досымжан Ерланов.