Текелі қаласында қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр

Текелі қаласында қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Жетісу облысының Текелі қаласында жаңа мектеп салынып жатыр. Жоба заңсыз шығарылған активтерді қайтару есебінен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Мектеп 200 орынға арналған, сондай-ақ оның жанынан 30 орындық шағын орталық ашылады.

Қазіргі таңда нысанның дайындығы 60 пайыз. Облыс прокуратурасы құрылыс барысын бақылауда ұстап, жұмыстың сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударып отыр.

Құрылысты аяқтап, нысанды жаңа оқу жылының басына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, жаңа ғимарат Рудничный ауылындағы апатты жағдайдағы мектептің орнына салынды.

Өңірде қайтарылған активтер есебінен барлығы 20 нысанның құрылысы аяқталды, тағы 7 әлеуметтік жоба іске асыру сатысында.

Еске сала кетсек, Қостанай облысындағы екі ауыл қайтарылған қаражат есебінен ауызсумен қамтамасыз етілді.